Бүгінде құрылыс саласының дамуына байланысты отандық өнім өндіретін компаниялар шетелдік өнімді нарықтан ысыра бастады. Солардың бірі «МК Ceramics» ЖШС-і. Брендтік атауын иеленген тауар белгісі бүгінде тек ішкі нарықты қамтып қана қоймай, шетелге де тасымалдануда. Әлемдік брендтік өнімдерден ешқандай да кемдігі жоқ. Тіпті сапа жағынан басып озады. Бүгінгі күні шығарылған өнім көлемі 20 мың шаршы метрден асып отыр. Жалпы, жобаның қуаттылығы жылына 2 миллион шаршы метрді құрайды. Жоғары сапалы саз, таза кварц құмы, дала шпаты және табиғи пигменттер қолданылады. Оның барлығы да жергілікті шикізат. Өндіріс орны толықтай Италиялық жабдықтармен жарақтандырылған. Әзірге 2 миллион шаршы метр өнім шығарып жатқан болса, жобаның екінші деңгейі жүзеге асқанда, өндіріс көлемі тағы да үш есеге артпақшы. Кәсіпорынның негізгі өнімі – керамикалық гранит. Арнайы шығаратын пешке жіберілмес бұрын, зертханада тексеруден өткізіледі. Сапасына тағылар мін жоқ. Импорттық тауардың елімізде жасалған өнімнен ешқандай да артықшылығы жоқ. Кәсіпорынның толықтай іске қосылуына жұмсалған қаржы көзі 300 миллион теңгеден асып отыр. Бұл қаражат зауыт толық қуатында жұмыс істеп тұрса, алдағы бес жылда толығымен өз өзін ақтайды деген жоспар бар. Отандық өнімнің шетелдік өнімнен артқышылығы бағасында болып тұр. Онысы 15-20 пайызға арзандығында. Өнідірілген өнім Түркия мен Грузияға экспортталуда. Алдағы уақытта өзге де елдерге экспорттау мүмкіндігі молайып отыр.