Бұрын шетелден ағылып келіп жатқан консервіленген, яғни бұқтырылған етті сатып алатынбыз. Әсіресе ресейлік өнімнің тұтынушылары көп-тін. Бүгінде солардың қатарына отандық өнім қосылғанда алғашында тосырқай қабылдағанымыз рас. «Бізде де бұқтырылған ет өндіріле ме?» деп таңырқанадар да табылды. Оңтүстікқазақстандық «ПродЕнГрупп-2050» зауытының бұқтырылған жылқы етінен дайындаған өнімі азық түлік өнімдері жәрмеңкесінің төрінен орын алды. Алда республикалық «Алтын сапа» байқауына қатысып бағын сынамақ. Ашылғанына 2-ақ жыл болған өндіріс орнының өнімі бүгінде көпшілікке танымал болып, тұтынушылар қатары артып келеді. «ПродЕнГруп-2050» ЖШС-і бүгінде жылқы және сиыр етін бұқтырып, консервіленген тамақ өнімін шығаруда. Әсіресе жылқы етінің бұқытырлған түрі бұрын нарықта болмаған. Шағын өндіріс орнында қазір 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Серіктестікте тәулігіне 4800 құты бұқтырылған ет өндіруде. Бүгінде облыс орталығындағы барлық сауда орындарында сатылымда. Сондай ақ Алматы, Тараз, қызылорда, Жезқазған қалаларына жіберіледі. Сонымен қатар Өзбекстан мен Ресей мемлекеттеріне экспортталуда. Әсіресе жылқы етінен жасалған бұқтырылған еттің дәмі тіл үйіреді. Алдағы уақытта қазыдан жасалған консерві түрін шығаруды қолға алғалы отыр. Жоғары технологиялы құралдармен жарақтандырылған өндіріс орнында даярланған өнімнің сапасы да жоғары. Жуырда «Халал өнім» сертификатын алды. Бағасы да қымбат емес, қолжетімді.