Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы іргелі кәсіпорындардың бірі «Ордабасы құс» ЖШС-іне жарнаманың мүлде қажеті жоқ. Жақында осы серіктестікте тағы бір тың жоба жұмыс істейді. Күрке тауық етін өндіретін «Ордабасы құс» серіктестігі құрама жем дайындайтын зауытын толықтай жаңғыртудан өткізді. Балапандарға арналған жемді алыстан арбаламайды. Қол астындағы соя мен мақсары майынан құрама жем жасап шығаруда. Бұл өз кезегінде өнімнің өзіндік бағасын арзандатуға сеп болады. Өндіріс орны жылына 35 мың тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы. Сапалы жемнің артықшылығын байқап көрген балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкердерден тапсырыс түсуде. Мақсарыдан бөлек бидай мен жүгеріден де жем дайындалады. Алдағы уақытта серіктестік қажетті дәнді дақылдарды өздері егіп, жем дайындамақ.құрама жемге түрлі дәрумендер қосылады. Сонда балапандар тез қоңданады. Бүгінгі күні 72 түрлі өнім өндіретін компания күркетауық етінің 35 пайызын экспорттап отыр.