«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту басты талаптардың бірі болып табылады. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысындағы әр ауыл, аудандарда жол жөндеу, әлеуметтік нысандар салу, ауыз су, табиғи газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Жуырда Сайрам ауданындағы халқының 80 пайызы газбен қамтылатын болды. Сайрам ауданының экономикалық әлеуеті жоғары және биылғы 9 айды табысты қортындылап отыр. Мұнда халықтың дені шағын және орта бизнеспен айналысады. Ауданда әлеуметтік мәселелер мен инфрақұрылым тарту жұмыстары лайықты деңгейде жүргізілуде. Сайрам ауданы негізінен — аграрлы аудан. Ежелден ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысады. Кеңес одағы ыдырағанда да төл кәсіптерінен ажырамады. Егін егіп, оны қайта өндеді. Сүт өңдеу жылына 160 мың тоннаға жетті. Мал өсіріп, бордақылады. Ет экспортының жылдық көлемі — 21 мың тонна. Өздері тұтынатын қажеттісінен бөлек, өзге аймақтарға апарып сатады. Ендігі меже — осы етті бұқтырып, өңдеп консерві өнімдерін шығару.Сайрамда ауыз су мәселесі айтарлықтай шешілген. Жыл соңына дейін аудан халқының 80 пайызы газбен қамтылады.
Связанные истории
12.12.2016
29008
29.11.2016
38682