Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысында өткен тоқыма бұйымдарының көрмесінде «AZALA Textile» ЖШС-нің өнімдері мен-мұндалап тұрды. Көрменің көркін ашқан компанияның төсек-орын қаптамасы, түкті тоқыма бұйымдарын сатып алуға асыққан тұтынушылар көп болды. Компанияның базасында мақтадан жіп шығарылса, жіптен мата өндірілуде. Матаны бояйтын арнайы цехы тағы бар. Барлығы қол астында болғаннан кейін өнімнің өзіндік құны да арзан. Жобаны іске асыру үшін 3,8 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылған. Тоқыма фабрикасы жылына 2,3 млн. дана төсек бұйымдарының жинақтамасы мен 10,4 млн. дана тігілген түкті сүлгілер шығаруда. Мақта-мата өнімдерін шығару үшін фабрика толықтай Швейцариялық және Бельгиялық компаниялардың жабдықтарымен жарақтандырылған. Компания шикізаттан тарықпайды. Әрі шетелдерден бағасы айға ақырып тұрған шикізатына да тәуелді емес. Негізі өндіріс орнын Мақтарал ауданындағы «Мырзакент» ЖШС мақта өңдеу зауыты қамтамасыз етеді. Осылайша серіктесіп өнім өндіретін компаниялар отандық өнімнің өнімділігіне өкірте үлес қосуда.