Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш ауданында әлеуметтің аз қамтылған бөлігіне арналған қамқорлық акциясы болып өтті. Облыс басшысының ауылдардағы тойханалардың аз қамтамасыз етілген отбасыларға және мүгедек азаматтарға қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыру жөнінде айтылған тапсырмасына сәйкес аудан əкімі Қ.Əбдуалиевтың және «Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Жақсылық етсең адамға, береді Алла сағанда» атты қайрымдылық акциясы өтті. Аталған іс-шара Жібек жолы ауылдық округіндегі «Ердəулет» тойханасында өтті. Акция барысында аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы, жетім және анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсетілді. Аталмыш акцияның негізгі мақсаты әлеуметтік жағынан аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қажетті киім-кешек,азық-түлік алуға әлеуметтік көмек көрсету болып табылады. Аудандағы қаржылай көмек қолын созған кәсіпкерлер және әлеуметтік жағынан аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «Ердəулет » тойханасы ас беріп, дастархан жайды және аудандық мəдениет қызметкерлерінің концерттік бағдарламасын тамашалады. Ұлт жоспарының 84-ші қадамында әлеуметтің аз қамтылған бөлігі туралы толыққанды жазылған. Қоғам болып қамкөңіл жандарға көмек қолын созу азаматтық парыз.