Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданында арнайы әлеуметтік базар ашылды. Бұл өз кезегінде аз қамтылған азаматтарға барынша қолжетімді бағамен тауар алуына көмек қолын созу болып табылады. Аудан әкімдігінің «Ретсіз орналасқан сауда орындарын жою, Сайрам ауданы көшелерінің тазалығын және көріктендіру жұмыстарын зерделеу мақсатында» арнайы қаулысы бекітілген болатын. Соған сәйкесінше, Ақсу ауылының орталығы Абылайхан, Жібек-жолы көшелері бойларында орналасқан ретсіз сауда бойынша, ІІБ учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып мониторинг жүргізіп, ауызша ескертулер жасап, ескерту парақшаларын, және буклет таратып, телеарна арқылы, газет беттеріне мақала жарияланып, хаттама толтырылып тұрақты түрде жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, аудан орталығының тазалығын қадағалап, көше бойындағы заңсыз сауда жасап отырған сатушылардың тізіміне сараптама жасалып, Жеке кәсіпкерлердің есебінен «Әлеуметтік базардың» құрылысы жүргізіліп, толығымен аяқталды. Бүгінгі таңда аудан әкімінің басшылығымен аудан орталығындағы ретсіз сауда жасаушылардың жағдайы жасалынып, орталықтың ажары ашылды.Жеке кәсіпкерлердің жаңадан ашылған «Әлеуметтік базарына» көше бойында сауда жасап отырған сатушылар сатылатын тауарларына қарай жайғастырылды және аудан орталығында жабайы сауда жасаушылардан тазаланды.Қазіргі таңда, аудан әкімі бастаған жұмысшы топ құрамына, жаңа ғимаратта сауда жасаушылардың және көше бойындағы жүргенші халықтың айтылып жатқан алғыстары мол.