Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтің әлеуетін арттыру үшін барынша жағдай жасалуда. Күрмеуі кертілмеген мәселелерді шешу бір бөлек те, оан басқа әлеуметтің азық түлік сатып алуда барынша қолжетімді болуы үшін тұрақтандыру қоры құрылып жұмыс істеп келеді. Онда тұрғындар тұтыну өнімдерін арзан бағада сатып ала алады. Былтыр да зейнеткерлер, аз қамтылғандар осы тұрақтындыру қорынан бір жыл бойы алып келген болатын. Облыс әкімдігі жанындағы тұрақтандыру қорының азық-түлігі бұрынғыдай базарлар мен сауда орындарында емес, демалыс күндері ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде сатылады. Әлеуметтік тауарлар осы сенбіден бастап Мәделі қожа көшесі бойындағы стадионның жанында сатылуға шығады. Сондай-ақ, тұрақтандыру қорының өнімдері жексенбі күні Арғынбеков көшесінің бойындағы «Рахима Плаза» сауда орталығының алдында сатылады. Ал облыстың тұрғындарының әлеуметтік бағадағы өнімдерді аудан орталықтарында ұйымдастырылатын жәрмеңкелерінде сатып алуға мүмкіндіктері бар.
Связанные истории
12.12.2016
29008
29.11.2016
38682