Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасы аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынның бір тармағына мүлікті жария ету де кіреді. Мүлiктi жария ету акциясын халық арасында кеңiнен насихаттау жұмыстарын тиiмдi жүргiзу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облыстық кірістер департаменті мен облыс әкiмдiгi арасында бiрлескен медиа-жоспар бекiтiлген. Ағымдағы жылдың 8 айында жалпы облыс бойынша мүлiктi жария ету бағытында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 1221 мақала жарияланды, телеарна арқылы 537 мәрте сюжет берiлдi1549 семинар-кеңес пен «дөңгелек үстел» мәжiлiстерi өткiзiлдi. Статистикалық мәлiметке сүйенсек, жергiлiктi атқарушы органдарда құрылған комиссиялар жалпы сомасы 75,3 млрд. теңгенi құрайтын 8190 өтiнiш қабылдаған. Оның 1185-i коммерциялық нысан (21 млрд. теңге), 119-ы тұрғын үйге жатпайтын нысан (1 млрд. теңге) және 6 886-ы тұрғын үй бойынша өтiнiштер (53 млрд. теңге). Бүгiнгi таңда, осы қабылданған өтiнiштерде көрсетiлген 6 571 нысанға (57 млрд. теңге) рақымшылық жасалса, 1071 өтiнiш (13,2 млрд. теңге) керi қайтарылды. Ал, 548 өтiнiш (5,2 млрд. теңге) қаралу үстiнде. Жыл басынан берi облысымыздың 366 азаматы 29,1 млрд. теңге көлемiнде ақша қаражаттарын жария еттi. Ал, ел аумағындағы жылжымайтын мүлiктерге қатысты құны 571,2 млн. теңгеге тең 2 өтiнiш бойынша рақымшылық жасалынды.