«100 нақты қадамның» 44-қадамында жанама салық салу тетiктерiн жетiлдiру туралы мәселесіне кеңінен тоқталған. Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика және Қаржы министрлiктерi мен бизнес қауымдастықтары өкiлдерiнен құралған жұмыс тобы Салық және Кеден кодекстерiнiң орнына жаңа Мемлекеттiк кiрiстер кодексiн дайындау жұмыстарын жүргiзуде. Жаңа кодекске Ұлт жоспарының 44-қадамындағы жанама салық салу тетiктерiн жетiлдiру тапсырмасына сәйкес, бизнестiң салық салу принциптерiн өзгертiп, қосылған құн салығының орнына сатудан салық алуды енгiзу көзделiп отыр.Мемлекеттiк кiрiстер кодексiне қатысты салық төлеушiлер тарапынан күн сайын түсiп жатқан ұсыныс, пiкiрлердi жоғарыда аталған жұмыс тобына талқылауға жолдануда. Салық төлеушiлердi осы салық мәселесiне байланысты көкейлерiнде жүрген қандай да бiр ұсыныс, пiкiрлерi болса, жаңа кодекстi әзiрлеп жатқан жұмыс тобының қарауына жолдауына болады. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті ақпараттық наихаттық топ құрып жұмыс атқаруда.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498