«100 нақты қадам» Ұлт Ұлт жоспарының 10-нан астам тармағы еліміздің сот жүйесіне арналған. Аталған саланы жаңаша тұрпатта жаңғырту бүгінгі күннің еншісінде. Сондықтан да азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігі және оның жариялылығы, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу қатаңдығы, қысқаша айтқанда 16-шы қадамнан басталатын барлық талаптар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамға кең насихатталуда. Оңтүстік Қазақстан облысындағы барлық бұқаралық ақпарат құралдарында аталған сот төрелігінің ашықтығы туралы түрлі тақырыпта мақалалар жариялануда. Облыстық сот ұжымының ұйымдастыруымен «Жаңа электронды технологияларды қолдану мәселелері» тақырыбында өткен семинар осыған дәлел. Семинарға барлық БАҚ өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты. Бүгінде соттардың ақпараттық ашықтығын арттыру жөніндегі іс-шаралар жыл сайын әзірленеді. Алғысөзді облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріпов алып, ҚР соттарының БАҚ құралдарымен өзара іс-қимыл тұжырымдамасын таныстырды. Бұл халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал ететінін жеткізді. Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі бағыты — БАҚ-пен өзара іс-қимылды дамыту. Бұл дегеніміз сот органдарының қызметін айшықтап, азаматтарға қабылданған шаралар жайлы ақпаратты өз уақытында жеткізу. Аталған тұжырымдаманың тетіктері 2020 жылға дейін жалғасып, іске асырылатын болады.