Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысында «100 нақты қадам» — Ұлт жоспары аясында жаңадан қабылданған құрылыс қызметі туралы Заң талқыланды. Жиынға қатысқандар жаңа құжат құрылыс сапасының жақсара түсуіне зор үлес қосады деп отыр. Ұлт жоспарының 4 қадамы құрылыс саласын жоғарғы деңгейге көтеруге бағытталған. Енді, құрылыс жүргізуге рұқсат алу тетіктері оңтайландырылады. Бұрынғыдай әр мекемеге барып құжат алу артта қалмақ. Аталған құжатта жобалау-сметалық құжаттарын сараптамадан өткізуге байланысты мемлекеттік монополиядан біртіндеп бас тарту көзделген. Бүгінде жаңа заңнама облысымыздағы құрылыс саласын жақсартып, кейбір кедергілерді азайтпақ. Биылғы жыл басынан бері елімізде 40 мердігер мекеме аккредитациядан өткен. Оның сегізден бірі оңтүстікқазақстандық мекеме болып табылады. Құрылыс нысанының құны да ресурстық әдіспен белгіленеді. Мердігер мекемелер техникасымен емес, мықты маманымен мақтанатын болады. Бұған дейін құрылыс жұмыстарынан шикілік шықса, жобалаушы тасада қалып қоятын. Таяқ мердігерге тиетін. Енді, құрылыс сапасына қос тарап та жауапты. Құрылыстың құлағын ұстағандар жиында аталған мәселені кеңінен талқылады. Жаңа құжаттың берері көп, жеңілдігі одан да көп екендігіне қуанысты. Енді алдағы жұмыстарды оңтайландырылған жүйе бойынша атқармақ.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498