Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаевтың қатысуымен өңірдегі тұрғын үй құрылысы мен кәсіпкерлікті дамыту бойынша жиын өтті. Басқосуды ашып берген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасының облыс орталығы – Шымкентті еліміздің үшінші мегаполисіне айналдыру туралы тапсырмасына орай, шаһардың бүгінгі таңда үлкен құрылыс алаңына айналғанын жеткізді. Бұл ретте, өңір басшысы мұндай ауқымды істердің сәтті атқарылуына мемлекет пен бизнестің жүйелі ара-қатынасы, оның ішінде, «Бәйтерек» холдингінің үлесі орасан екенін айтты. Мәселен, облысымызда «Бәйтерек девелопмент» арқылы былтыр көпқабатты 36 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1 572 отбасы тұрғын үймен қамтамысыз етілген. Ал биыл көлемі шамамен 93 мың шаршы метр болатын 1 496 пәтерлі 34 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.Өз кезегінде, сөз алған Е.Досаев Оңтүстік өңіріндегі тұрғын үй құрылысы мен кәсіпкерлік салаларын дамытып, қолдауға дайын екенін жеткізді.«Үкіметтің негізгі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларын жүзеге асыруда қаржылық операторы болып табылатын «Бәйтерек» холдингі ҚР Мемлекеттік индустриалды-иннновациялық даму бағдарламасы аясында 2020 жылға дейінгі индустриалды жобаларды қаржыландырып,
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498