(Жалғасы)
Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасының тұрғын үй құрылысы жұмыстарына қатысады. Сонымен бірге, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсетеді», — деді басқарма төрағасы. Еске салайық, еліміздегі әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстан облысында туылатынын ескерсек, үй кезегінде тұратын азаматтардың саны көп болатыны анық. Яғни, бүгінде өңірімізде 43 мыңнан астам азамат үй кезегінде тұрса, бұл көрсеткіш бойынша аймағымыз Астанадан кейінгі екінші орында.Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі өңірдегі кәсіпорындардың дамуына септігін тигізген «Бәйтерек» холдингінің басшылығына алғысын білдіріп, алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруда, оның ішінде тоқыма кластерін дамытуда бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Жиын соңында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының арасында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған ортақ меморандум түзілді. Сондай-ақ, жобаларды қаржыландыруға әзірлеу аясында «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС-мен меморандумға қол қойылды.