(Жалғасы)
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдау тауып, қаржыландырылған жоба 2014 жылы іске қосылып, кілем фабрикасымен 1722,6 мың ш.м. кілем мен кілем өнімдері дайындалған. Бүгінгі таңда мұнда 245 адам жұмыспен қамтылған.Мұнан бөлек, жетекшілік «AzalaTextile» ЖШС-і тоқыма-тігін фабрикасының өндірісімен танысты. Аталған фабрика да холдинг тарапынан «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша қолдау алған. «AzalaTextile» ЖШС-нің ерекшелігі сол, мұнда қолданылатын шикізаттардың барлығы отандық. Бүгінгі таңда компанияның өнімдері Литва, Латвия, Италия мен Германия, Чехия, Ресей, Қытай мен Эстония сынды бірқатар мемлекеттерге экспортталады.Сапар қорытындысы бойынша басқарма төрағасы аталған өнеркәсіп орындарында өндірілетін өнімдерді шетелдік нарыққа шығару қажеттігіне тоқталып, оны орталықтандыру мақсатында арнайы ғаламтордан сайт ашу керектігін айтты. Бұл өз кезегінде, шетелдік сатып алушыларға оңтайлы жағдай туғызбақ.