Биылдан бастап әлеуметтік көмектің жаңа түрі енгізілгені белгілі. Бұл жоба Ұлт жоспарында жан-жақты нақтыланған. Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасының шарапатын көргендер баршылық. Бұл көмектің түрі қиын жағдайға тап болған және объективті себептерге (жасы, денсаулық жағдайы, мүгедектік және өзге әлеуметтік осалдық) байланысты осы жағдайдан шыға алмайтын азаматтарға шартсыз көмек болып ұсынылатын болады. Яғни, еңбекке қабілеттілікті сақтаған, көмек алушы үміткерлерге қолдау шартты ақшалай түрінде көрсетілетін болады. Осы мақсатта «Өрлеу» жобасының аясында күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен тұратын аз қамтамасыз етілген азаматтарына жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан жағдайда шартты ақшалай көмек көрсету қарастырылған. Шартты ақшалай көмектің мөлшері күнкөріс деңгейінің 60 пайызы мен отбасының жан басына шаққандағы табысының айырмашылығына тең. биыл «Өрлеу» жобасын енгізу тәжірибесін кеңейту үшін, шартты ақшалай көмек жүйесін облыстағы барлық аудан, қалаларда енгізу жоспарланды. Жоба аясында 14927 адам 602,5 млн.теңгеге шартты ақшалай көмекпен, оның ішінде 2944 адам жұмыспен қамту белсенді шараларымен қамтылатын болады. «Өрлеу» жобасы арқылы 139 отбасындағы 913 адамға 23 млн. теңге төленген.