Бұрындары заманауи тұрғын үйлер тек облыс орталығында ғана салынатын. Бүгінде бұл мүмкіндік аудан орталықтарына да тиесілі болып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында құрылыс жұмыстары қызып тұр бүгінде. «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша тау бөктеріне 96 пәтерлі алғашқы екі үй тұрғызылды. Алдағы уақытта осы маңнан тағы 5 көпқабатты тұрғын үй бой түзейді. Осылайша түлкісбастық тұрғындар ққоныс тойын тойламақ. Табиғаты әсем тауды ауданда 600 орындық жаңа мектеп пен 200-ден астам бүлдіршін қабылдайтын балабақша да пайдалануға берілді жуырда ғана. Ауданның бас жоспарына сәйкес келешекте халық саны тығыз орналасқан ауылдарда да көпқабатты тұрғын үйлер салынбақ. Осылайша аудан халқының баспана мәселесі тез арада шешімін таппақ. Бас жоспарға сәйкес халық саны 5 мыңнан асатын 4 елді мекен бар, олар: осы аудан орталығы Тұрар Рысқұлов, Түлкібас, Састөбе және Балықты. Халық саны көп жерлерге осындай көпқабатты тұрғын үйлерді көбірек салып, кезекте тұрған адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз етіп, осы мәселені шешуге барынша жағдай жасалуда.