Жылыжайлардың отаны саналатын Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде жылына екі рет өнім алатын шаруашылықтар бар. «Қазагроном» жылыжай кешені бүгінде түсім жөнінен алдына қара салмайтын ірі жылыжайлардың бірі. Олар жылдық өнімді 1 миллион келіге жеткіземіз бе деп жоспарлап отыр. Бір шаршы метрден қызанақты 15 келіден алатын шаруашылықтық алға қойған жоспарлары көп. Жылыжай жоғары технологиялы заманауи құрал жабдықтармен толық жарақтандырылған. Жылыжайдағы өнім мол түсім беруі үшін барлық жағдай жасалған. Мол өнім алудың тың тәсілдерін қолдануды шетелден үйреніп келген мамандар тәжірибеге енгізуде. Азық қоры таусылып, алғашқы көктем келгенде мұндай тәсілдің берері көп. Жылыжайда интерплантинг деп аталатын технологияның арқасында үздіксіз өнім алуға қол жеткізіп отыр. Қияр өнім беруін аяқтай бастаған кезде қызанақ пісе бастайды. Бұл жылыжайдың жұмысы тоқтап қалмауына көп сеп. Қыс айынан шіліңгір шілдеге дейін қияр піссе, тамыздан желтоқсан айына дейін қызанақ піседі. Осылайша өнім көлемі ортаймайды. Әрі экологиялық таза өнім өндіруге баса мән береді. Бүгінде жылыжайда 55 адам тұрақты жұмыс істейді. Келекшекте жылыжай иесі жылыжай аумағын тағы бірнеше гектарға кеңейтуді көздеп отыр