(жалғасы)
Биыл жыл соңына дейін тағы 800 млн. теңге бөлу көзделуде. Қазақстан жылына 19 мың тонна уран өндіріп, бұл салада үздіктердің қатарына енді. Мұнда Созақ ауданынан алынатын құнды табиғи байлықтардың орны ерекше», — деді «Қазатомөнеркәсіп» басшысы.Басқосу барысында екіжақты осынау уағдаластықты одан әрі жалғастырып, нығайту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ арасында меморандум түзілді.Әлеуметтік даму саласындағы қарым-қатынастарды нығайтып, қолдау көрсету, ондағы қызметкерлердің жұмыс орындары мен жалақысын қысқартуға жол бермеу, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, оның ішінде жалақы берешегін өтеу бойынша жұмыстарды жандандыру, сонымен қатар, жергілікті қамтуды дамыту саласында қолдау көрсетуді көздейтін құжат қос тарапқа да пайдалы болмақ. Айта кету керек, «Қазатомөнеркәсіпте» тағам ретінде қолданылатын ет өнімдерінің небары 38 пайызы жергілікті өнім. Ынтымақтастық келісімі кезінде Жансейіт Қансейітұлы аталған меморандум аясында кәсіпорында жұмыс істейтін 12,5 мыңнан астам жұмысшыны азық-түлікпен қамтуда Созақ ауданының жергілікті өнімдері тұтынылуы керектігіне тоқталды. Бұл ретте, аймақ басшысы таяуда Созақтың 2600 бас қойы Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортталғанын, яғни, мұндағы төрт түлік етінің дәмді де сапалы екенін мысал ретінде келтіріп, оны көптеп пайдалану қажеттігін айтты.