«100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 85 –ші қадамнан 90-шы қадамға дейін біртектілік пен бірлікті нығайтуға арналған. Ұлттар татулығын дәріптейтін құнды құжаттың орны ерек. Бүгін Түркістанда ұлт татулығын ту еткен алқалы жиын болып өтті. Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен Тәуелсіздік жетістіктері дәріптелген жиынға түрлі ұлт өкілдері қатысып, ел бірлігін сөз етті. Азаттықтың ақ таңында бейбіт ғұмыр кешкендер елдегі саяси тұрақтылыққа ризашылықтарын жеткізді.Рухани астанада 260 мыңдай халық бар. Оның 63,4 пайызы – негізгі этнос өкілдері, қазақтар. Жергілікті тұрғындардың 34 пайызын өзбек ұлты құрайды. Кейінгі орында — орыстар мен кәрістер. Бұлардың діні бөлек болғанымен, тілі бір, жүрегі бір. Қазақ елі деп соғады. Аядай ғана аймақты татулық ордасына айналдырып отырғандар – бірлік бар жерде тірлік болатынына көз жеткізген. Қазір Түркістанда өзге ұлт өкілдерінің арнайы орталықтары жұмыс істейді. Онда оларға төл дәстүрлері мен мәдениеттерін жаңғыртуға мүмкіндік мол. Әр аптаның сенбі және жексенбісінде мәдени кештер ұйымдастырылып, тілұстарту сабақтары өтеді. Ине иікпей, саусақ бірікпейді,-дейді түркістандықтар. Сондықтан да бір атаның баласындай болып, ел ішінде ұларалық татулықты сақтау басты ұрандарына айналған.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498