Әрбір ауылға инвестиция тарту, салық көлемін ұлғайту, жаңа жұмыс орындары ашу туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасына орай Түлкібас ауданының басшысы Ә.Тұрғымбеков Майлыкент және Рысқұлов ауылдық округтерінде болып, кәсіпкерлік нысандарды аралап, кәсіпкерлермен кездесті. Алдымен Т.Рысқұлов ауылындағы «Күлім хан» сауда орталығы мен кірпіш зауытында, мал шаруашылығымен айналысатын «Нұрлыхан» «Сайлаубек, шаруашылықтарда болып, шаруалармен тілдесті.
Сонымен қатар аудан басшысы кәсіпкерлік айналысуға ниет білдірген азаматтармен кездесіп, кәсіпкерлікпен айналысуға шақырып, сала мамандары несие алу мен қандай кәсіппен айналысу керектігі айтылды.