Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданында өткен жылы инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталған, жалпы жер көлемі 50 га құрайтын индустриялды аймаққа аймақтық үлестіру кеңесінде мақұлданған, жалпы құны 3 млрд.709 млн. теңгелік жаңадан 284 жұмыс орындары ашылатын 6 жоба жүзеге асырылмақ. Түлкібас ауданының басшысы Ә.Тұрғымбеков аталған жобаларды жүзеге асырушы кәсіпкерлермен кездесіп, келісім шартқа қол қойылды. Жаңа зауыттарды құрылыс жұмыстары осы айда басталмақ. Жобалардың негізгі бағыты ауданның табиғи ерекшелігін ескере отырып, тамақ өнімдерін өндіру болып таңдалды. Оның ішінде жеміс жидек көкөністерді өңдеу табиғи шырын шығару болып отыр. Алдағы уақытта ауданда таза табиғи өнімдерден шырынды сусындар мен ет өнімдерінен шұжық тағы басқа өнімдер шығарылатын болады. Кәсіпорындарға қажетті шикізатпен қамтамасыз ету үшін ауданда бау бақшалар, мал шаруашылығы саласында кооперативтер құрылатыны айтылды. Алдағы уақытта индустриялды аймаққа тағы да 9 жоба орналастыру көзделуде.