Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бәйдібек ауданында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жуырда дзюдо күресінен 2000-2001 жылғы жасөспірімдер мен балалар арасындағы ашық біріншілік өтті. Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбеков, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ә.Нұртаев қатысып, спортшы өрендерге сәттілік тіледі.Сонымен қатар бұл біріншілікке ауданымыздың түлегі, самбо күресінен әлем чемпионы, дзюдодан Орта Азия федера-циясының президенті М.Мықтыбеков, облыстық дзюдо федерациясының президенті М.Қыпшақбаев қатысып, лебіздерін білдірді.
Жарысқа әр салмақ дәрежесі бойынша Шымкент, Түркістан және ауданымыздың спорт мектептерінен жасөспірімдер қатысты.
Ауданымыздан 46 кг салмақта біріншілікте бақ сынаған Б.Қасымханұлы бірінші орын тұғырынан көрінді. /Суретте/.
Жарысқа қатысушылар ауданның «Құрметті Азаматы», ОҚО дзюдо федерациясының вице президенті, ауданда өткізілген ашық біріншіліктің ұйымдастырушысы Ж.Пәрімбековке алғыстарын білдірді.