Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының ғана емес, еліміздің атын асқақтатып жүрген спортшыларымыз жетерлік. Олардың дені облысымыздың тумалары. Жуырда өңір басшысы Жансейіт Түймебаев аймақтың спорт саласы қызметкерлерімен кездесті. Басқосуға облысымыздың спорт ардагерлері мен осы салада еңбек етіп жүрген қызметкерлер және үздік спортшылар, сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов қатысты. Жиында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев осы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер жайын баяндады. Атап айтқанда, есепті мерзімде облыс аумағында 3,5 мыңнан астам бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 431 мыңнан астам адам қатысқан. Сонымен бірге, салауатты өмір салтымен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 674172 адамды құрап, облыстағы барлық жастағы халықтың қамтылуы 23,7 % жетіп отыр. Бүгінгі таңда, облыс көлемінде 59 (36 олимпиадалық, 23 олимпиадалық емес) спорт түрлері дамытылып жатса, оғландарымыз ҚР чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 390 алтын, 384 күміс, 377 қола медальға қол жеткізген. Ал Азия чемпионаттарында 19 алтын, 15 күміс және 19 қола медальге ие болды. Осы мерзім аралығында спорт түрлері бойынша өткен Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында 16 алтын, 8 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Отырыста жиынға қатысушылар саладағы бүгінде өзекті болып тұрған мәселелердің жайын жеткізді. Нақтырақ айтқанда, олар ауылдық жерлерде жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға балалар мен жастардың жеткіліксіз дәрежеде тартылуына алаңдады. Сондай-ақ, облыстағы спорт нысандарының тиісті құралдармен жабдықталуының төмендігіне байланысты аталған нысандар мен ғимараттарға қолжетімділіктің жоқтығы және спорт алаңшаларының аздығына наза аударды