Ішсе сусын, кисе киім, жесе ет болатын төрт түліктің төресі түйе сүтін өңдеу арқылы мол өнім өндіріп, экспорттау мүмкіндігі туып отыр. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта шұбатты өңдеп, одан құрғақ сүт өндіретін кәсіпорын құрылысының бірінші кезеңі жүзеге асырылуда. Тек облыс үшін ғана емес еліміз үшін де аса маңызды жоба болмақ. Пайдалануға берілуіне аз қалған жоба іске қосылғанда мұнда 180 адам жұмыспен қамтылатын болады. Тәулігіне 100 тонна, жылына 69 млн. тоннадан астам түйе сүтінен құрғақ қоспалар өндіретін болады. Зауыттың құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталмақ. Алып зауытта әзірленген дайын өнімдер республика нарығынан бөлек, Кеден Одағы елдері мен Қытайға экспортталатын болады. Денсаулыққа аса пайдалы сусынның сұранысын арттыратындар мол болары анық. Жалпы құны 8 млрд. теңге болатын аталған жобаны іске қосу туралы меморандум осы жылдың сәуір айында өткен «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында түзілген болатын. Онда осы сынды жалпы сомасы 2,5 млрд. АҚШ доллары болатын жобалар бойынша 40 меморандумға қол қойылған еді. Ауқымды жобаның аяқталуына да за қалды. Әлеуметтің әлеуетін көтеруге сеп болатын жобаның облыс экономикасына қосар үлесі қомақты болмақ.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498