Бүгінде жылыжайлардың 87 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Сондықтан да күнгейді жылжыжайлың отаны деп санауға толық негіз бар. Тек облысты ғана қамтып қоймай бүгінде Ресейдің бірқатар бөлігіне өнім жөнелтіп отыр. Жақын уақытта күнгейлык жылжыжайлардың өнімі шеттен келетін көкөністерге толық тосқауыл қоятын болады. Жуырда өңір басшысы Жансейіт Түймебаев облыс орталығындағы бірқатар нысандарда болып, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Ең алдымен көкөніс өсіретін «SMG Greenhouse profit» ЖШС-нің жылыжай кешенін аралап көрді. Бұл кешен «Агробизнес 2020» бағдарламасы бойынша іске асырылуда. Төрт гектардан астам аумақты құрайтын өндірістік кешен түркиялық және голландиялық құрал жабдықтармен қамтылған. Заманауи құрылғылармен жабдықталған жылыжайда жылына 1 мың тоннадан астам қияр өндіріледі. Серіктестік мамандарының айтуынша, мұнда бүгінде аптасына 29-30 тонна көкөніс өнімдері жиналып, Қазақстан мен Ресейдің Екатеринбург, Омбы облыстарының нарығына сатылуда. Сондай-ақ, олар бүгінде 45 адам еңбек ететін ауыл шаруашылығы кешенінінің көлемін тағы да 4 гектарға ұлғайтуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Жылыжай жұмысымен, мұнда еңбек ететін жұмысшылардың жағдайымен танысқан облыс әкімі өндірілетін өнімді ең алдымен ішкі нарыққа, сосын шекаралас жатқан Өзбекстан мен Қырғызстан мемлекетіне экспорттау жайын қарастыруды, жұмысшылардың жалақысын мүмкіндігінше жоғарлатуды тапсырды.