Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Мақтарал ауданының экономикасымен және ондағы мәселелермен танысу мақсатында жұмыс сапарымен Мырзашөл өңіріне келді. Ең бірінші, облыс әкімі Шардара су қоймасынан су сорғыш насостар арқылы «Достық» каналына ағын су беретін станцияны көрді. Дәл осы станциядан ағын су алатын «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы канал ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Су ресурстар комитетінің тапсырысымен салынған. Республикалық бюджеттен 13, 523 млрд теңгеге салынған канал 2011 жылы пайдалануға берілген. Секундына 60 текше метр су тартатын су сорғыштар 87 мың гектарға жуық алқапты ағын сумен қамтамасыз ете алады. Су сорғыш насостарға модернизация жүргізілетін болса қосымша тағы 34 мың гектардай жерді канал арқылы ағын сумен қамтамасыз ете алады. Кез келген өңірдің қуаты – ондағы кәсіпкерліктің дамығандығымен тығыз байланысты. Мұны өте жақсы білетін облыс әкімі Ж.Түймебаев Мақтарал ауданындағы кәсіпкерлікпен танысу мақсатында Индустриалды аймақты аралады. Мұндағы «Береке ММА» ЖШС-нің жоба құны 450 млн.теңге тұратын Мақта өңдеу зауыты 2015 жылы қараша айында іске қосылған, сонымен қатар жоба құны 185 млн.теңге тұратын Күріш өңдеу зауытының құрылысы жүргізілуде, одан бөлек «Полиэтилен өндірісі», «Санитарлық-гигеналық заттар өндірісі», «Жеміс-жидекті қайта өңдеу зауыты» жобалары іске асырылмақшы боп жатқан аймақтың инфрақұрылымына республикалық бюджеттен 345 миллион теңге бөлініп, автокөлік жолдары, электрлендіру, ішкі газ құбырлары және басқа да инженерік желілер салынған. 28 гектар аумақты алып жатқан Индустриалды аймақтағы қалған 12 гектар жер телімін тоқыма кластерін дамыту үшін мақтаны терең өңдеу өндірістеріне беру жоспарланған