
Күздің жылы күндерін пайдаланып аудан шаруалары уақытпен санаспай жер жыртып, егін салуда. Күздің күні терең қопсытылған жер ерте көктемдегі мол егістің кепілі. Сондықтан да күздің жылт еткен бір күнін шаруалар тиімді пайдаланып қалуды құп көреді. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төлеби ауданында биыл межелеген 17000 га жердің, 15500 га жері жыртылды. Егіс құрылымына сәйкес, күздік бидайдың межесі 9535 га болса, оның 8000 га жеріне дән себілді. Тұқымдық бидайды шаруалар мұқият дәрілеп, екті. Аудан дихандары алдағы 7-10 күнде дала жұмыстарын аяқтамақ ниетте. Биылғы жылы әр гектардан 27 центнер өнім алынды. Келер жылы күздіктен мол астық жинаймыз деп үміт артуда. Өйткені, күзден бергі ылғал дақылдың тез бітіп, жетілуіне оң әсерін тигізуі керек. Шаруашылықтар агроталаптарға сәйкес, ауыспалы егістікті сақтап, жердің құнарлығын арттыру арқылы өнімді молайтпақ. Келер жылы төлебилік шаруалар облыс қамбасына құйылатын экономикаға еселеп түсім түсіру үшін тынбай еңбек етуде.