Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі мен әдебі — бұл мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі. Мемлекеттік қызметті жаңғырту жүйесіндегі реформалар мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған. Осыған орай қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жиын өтті.
Аталған мәжіліске қала әкімі М.Қадырбек, Қазақстан Републикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, мекеме, дербес бөлім басшылары мен жауапты қызметкерлер, ауылдық округ әкімдері, зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қазақстан Републикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Әли Амантайұлы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру» тақырыбында баяндама жасап, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берді. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 10 –шы қадамында «Мемлекеттік қызметтегі мансапты жоғарылатуда конкурстық негізге көшуі — кәсіптік мемаппаратты қалыптастырады» делінген.