Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Мақтарал ауданында жаңа нысан ашылды. «Ел анасы» өнер білім ордасы жастарды түрлі салаларға баулымақ. Бүгінде жастардың басым бөлігі өнер саласына бет бұрып, қызығушылық танытып жатқаны белгілі. Енді ашылған орталықтан тәлім алмақ. Аудан жастары енді сахна тілі, актерлік шеберлікті үйрену үшін облыс орталығына сабылмайды. Енді мұндай өнер ордасы аудан орталығынан ашылып отыр. Мақтарал ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының е шалғай шеттегі аудандарының бірі. Ауданның түкпір түкпіріндегі жастар аталған өнер орталығының ашылғанына қуанулы. Мұнда актерлік шеберліктен бөлек технология мен бастауыш сынып жұмыстарын да біліп шығады. Ауыл жастарының білсем үйренсем деген талпынысы мықты. Астана, Алматы сынды ірі қалаларда ашылып жатқан түрлі өнер мектептеріне қызыға қарайтын олар енді өз аудандарында осындай мектептен тәлім алатын болады. Бәлкім жақын болашақта талантымен тамсандырар жас дарындар дәл осы мақталы ауданнан көптеп шығар бәлкім?
Связанные истории
12.12.2016
29008
29.11.2016
38682