Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Леңгір қаласындағы Кәсіпкерлік палатасының мәжіліс залында Оңтүстік Қазақстан облысы Ассамблея хатшылығы және «Қоғамдық келісім» КММ басшылығының Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын насихаттау аясында дөңгелек үстел өтті. Жиынға облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары – Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов, Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов, аудан әкімдігі, аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық және қала, ауылдық округтік «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағалары мен мүшелері, аудандық қоғамдық кеңес отырысының мүшелері, ауылдық округ әкімдері, жергілікті медиаторлар, аудандық этномәдени орталық төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.Алғашқы сөзді алған Ассамблея хатшылығының меңгерушісі М. Қалмұратов жалпы ұлттық патриоттық идеясын түсіндіру, сондай-ақ, мемлекеттік ұлтық саясаттың негізгі бағыттарын, «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін насихаттау, этносаралық келісім мен толеранттылықты одан әрі нығайту бойынша мемлекеттік және қоғамдық азаматтық институттарының өзара іс-қимылының тиімділігі жайында әңгіме өрбітті. Осы тақырыпта жиынға қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен ой-пікірлер айтылды. «Қоғамдық келісім» кеңес мүшелерінің жұмысын жандандыру басты назарға алынды. Кеңес мүшелерінің ішкі істер бөлімі қызметкерлері және медиаторлармен бірлесе отырып, орын алған түйіткілді мәселелерді шешуі қарастырылды. Атап айтқанда, жас отбасыларының жастықпен шалыс басып, оп-оңай ажыраса салуы, жасөспірімдердің білместікпен қылмысқа баруы, басқа да тұрмыстық кикілжіңдерге жол бермеу, орын алған жағдайда ушықтырмай, өзара кеңес құру арқылы шешу жолдары ұсынылды..Негізгі мақсат — болған келеңсіздікті шешуден гөрі, оны болдырмауға тырысу.