Өткен аптада Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаевтың тапсырмасымен жазушы Мархабат Байғұт ауданға келіп, Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктер тақырыбында лекция оқыған болатын. Аталмыш бағытта аудан әкімі Б.Парманов ауданнан үш топ құрып, спикерлер белгілеп, бекітілген кесте бойынша елді-мекендерде насихат жұмыстарын жалғастыруда. Бүгін Төлеби аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшылығымен аудандық Мәдениет үйінде кезекті семинар болды. Семинарды Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж. Әбдиев жүргізіп отырды. «Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесі – маңызды тарихи, жалпы мемлекеттік және идеялық мәнге ие екендігін ескере отырып, аудан тұрғындарына мерекелік шаралар ұйымдастыру арқылы жалпыұлттық бірліктің, татулық пен келісімді қамтамасыз етудің қазақстандық моделін, Мемлекет басшысының Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасуындағы рөлін, жалпыәлемдік және өңірлік проблемаларды шешудегі бастамаларды насихаттау басты назарда»,—деді Ж. Әбдиев. Алғашқы баяндаманы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә. Шыңғысбаев «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында салалар бойынша республикада, оның ішінде Төлеби ауданында жеткен жетістіктер көрсеткіштері туралы» тақырыбында оқыды. Ә. Шыңғысбаев Тәуелсіздікке дейінгі жылдарды еске түсірді. Кеңес дәуірінің жақсы және келеңсіз тұстарынан мысалдар келтірді. Сол кезде тарап кетткен колхоз-совхоздарды қайта құру керек деген ұсыныстарын білдірді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы көзбен көрген қиыншылықтар мен қазіргі кездегі жеткен жетістіктерімізді салыстыра отырып ой қозғады. «Расында аз уақыттың ішінде толағай табыстарға қол жеткізген екенбіз.