Бастан кешкен қиыншылықтарды ұмытуға болмайды «Өткенге тас лақтырма, келешек сені зеңбірекпен қарсы алады» деген Расул Ғамзатовтың сөзімен өрнектеді. Сондай-ақ Леңгір қалалық әкімі аппараты коммуналдық сектор басшысы Р. Мәуленов «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында салалар бойынша Ленгер қаласының жеткен жетістіктер көрсеткіштері туралы» тақырыбында жасады. Жетістіктерді айта келе, алдағы 2017-0218 жылдары іске асатын жобалармен таныстырып өтті: «Күн сәулесінен тәулігіне 10 мвт электр энергиясын алатын «ДСТО Solar» ЖШС, жоба құны 5 млрд. теңге. Тәулігіне 10 тонна кепкен көкөніс жеміс қақтарын шығаратын «Сагун» ЖШС, жоба құны 600 млн. Тг. «Бірлік» ЖШС-гі жаңа асфальт шығаратын зауытын іске қосып, жылына 56 мың тонна өнім шығару, жоба құны 120 млн. теңге. Ленгер қаласында 12 өндіріс орындары бар, жалпы аудан бойынша өнеркәсіп өндіріс орындарынаң өндіретін өнімнің жалпы 65 пайызы қаланың өндіріс орындарына тиесілі» Баяндама соңында Р. Мәуленов жиналған жұртшылықты Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады. Тәуелсіздіктің 25 жылында атқарылған жетістіктер қысқа метражды фильмде көрерменге ұсынылды. Сондай-ақ Төлеби аудандық, Ішкі саясат бөлімі шығарған әдістемелік құрал таратылды. Кездесу соңында Ж. Әбдиев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы психологиялық әлсіз топтар тарапынан әлімжеттік кең етек алып, басқаруға көнбей кеткен кездерді қысқа мерзімнің ішінде ретке келтіріп, бейбіт өмірге жол ашқан Елбасына алғысын айтты. Аталған бағыттағы шаралар ауданның түкпір-түіпірінде, шалғай ауылдарда да жалғасын табады, оны орындауға жұмыла кірісіп, жұмыс атқаруға шақырды.