Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында 130 мыңға жуық жас бар. Бұл көрсеткіш еліміздегі бірқатар облыс халқының санымен бірдей. Олардың басым бөлігі жоғарғы оқу орындарында білім алса, енді бір бөлігі әртүрлі салада еңбек етуде. Бүгінде жастар саясатын дамытудың бір бағыты «Болашақ» бағдарламасы. «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан күнгейлік жастар көп. Ал болашақта осы бағлдарламамен оқуға ниет білдірушілердің қатары тіптен қалың. ОҚО жастар саясаты басқармасының басшысы Болат Жанәбілдің айтуынша жыл соңына дейін 230 жас отбасы баспанаға қол жеткізбек. Жастарды біліммен қамтамасыз ету кезек күттірмес мәселе. Оларды қайта даярлау, білімдерін жетілдіру мақсатында атқұарылып жатқан істер аз емес. «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 400 жас биыл Солтүстікте білім алуда. Сондай-ақ өңір жастары үшін мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасуға мүмкіндік туып отыр. Жастарды жұмысқа орналастыру бағытында да біршама шаралар қолға алынуда. Жастар еліміздің болашағы. Ұлт жоспарында жастардың білім алуына барынша жағдай жасау атап көрсетілген.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498