Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласында Ораңғай ауылында жеке кәсiпкер А.Сыздықовтың құс фабрикасы бүгінде құс шаруашылығын дамытып, кәсіпкерлік саласының дамуына қомақты үлес қосып отыр. 42,0 мың бас тауыққа арналған шағын құс фарбрикасының бiрiншi кезеңi iске қосылып, 22,0 мың бас жұмыртқалайтын бағыттағы 13,0 мың бас еттi бағыттағы балапандар өсiрiлуде. Фабрикадағы құрал-жабдықтар Италияның “ФАККО” фирмасынан шағарылған. Ал құстар германиялық “Монбраун” породасынан алынған. Жобаның жалпы құны 312,0 млн. теңге болса, бүгiнгi таңға игерiлгенi 195,0 млн. теңгенi құрап отыр. Құс фабрикасы толық қуаттылығымен жұмыс iстегенде жылына 7,0 млн. дана жұмыртқа, 264 тн. құс етiн өндiретiн болады. Шаруашылық басшысы, жеке кәсіпкер Арипжан Сыздыков келешекте жұмыртқалайтын тауықтар (несушка) асырайтын 3 ферма құрылысын салмақ.