Төлеби ауданы әкімі аппаратының ғимаратында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі-Оңтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішев және әдеп кеңесінің мүшесі Абдулла Ахметовпен семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы және бөлім басшылары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен қызметкерлері, қала, ауылдық округтерінің әкімдері, жергілікті полиция, аудандық мемлекеттік кірістер, статистика, әділет басқармалары, аудандық мемлекеттік мекемелер, білім беру, балабақша, денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары қатысты. Ә. Әлішев өз баяндамасында жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілер тарапынан жүктелген қызметтердің сапалы атқарылуы, мемлекеттік қызметшілерге көрілген тәртіптік шаралар, мемлекеттік қызмет саласында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша оның болуы мүмкін тәуекелдері жөнінде айтып өтті. Семинар-кеңеске қатысушылармен Әдеп жөніндегі уәкіл жүргізген анонимдік сауалнаманың қорытындысы талқыланды. Аталған семинар-кеңесте аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Н.Салыбеков жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп кодексі талаптарының орындалуы бойынша атқарылудағы жұмыстар жөніндегі хабарлама жасады. Кездесудің соны жеке қабылдауға жалғасып, мемлекеттік қызметшілердің жеке сұрақтарына жауап беріп, әңгіме жасады. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 97 қадамында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құзыретін кеңейту бойынша кеңірек мәлімет берілгені белгілі. Соған орай түрлі семинарлар ұйымдастырылуда.