Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында салалар бойынша жеткен жетістіктер көрсеткіштерін насихаттауға қаншалықты көп кездесулер ұйымдастырса да артықтық етпейді әрине. Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төлеби ауданының орталығында Ел Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған тағы бір жиын өтті. Аталған шарада «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында елімізде қол жеткізген жетістіктер туралы» әдістемелік құралдар таратылды. Онда әр сала бойынша қол жеткізілген толағай табыстар туралы кеңірек баяндалған. Кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Абдиев ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы жайында, түрлі салалардағы жеткен жетістіктер бойынша баяндады. Кездесуге аудан әкімінің қаулысы негізінде құрылған арнайы насихаттық топ мүшелері, мекеме басшылары, ұлттық мәдени орталық төрағалары мен өкілдері, жастар қатысты. Құрылған насихаттық топ мүшелері 2 қарашадан барлық қала, ауылдық округтердің елді мекен және көшелерге бекітілген жұмысшы топ мүшелері, спикерлер, ауылдық округ тұрғындарымен кездеседі. Елді мекен және көшелерге бекітілген жұмысшы топ мүшелері мен спикерлер арнайы дайындалған әдістемелік құралдарды көпшілікке таратпақ.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498