Облыстың да, ауданның да экономикалық өсіміне қомақты үлес қосып жүрген әрине кәсіпкерлер. Бүгінде кәсіпкерлерді қолдауға барынша назар аударылуда. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төлеби ауданында бүгінде Үдемелі индустриялды-инновациялық даму жобалары бойынша ауданда 5 жылда 10 жоба іске асып, бүгінгі таңда 90-100% қуаттылықпен жұмыс жасауда. Осы жобалардың нәтижесінде: Жеке қаржаттан тартылған инвестиция 2011 жылы 2 млрд 794 теңге болса 2015 жылы 8 млрд 042 млн теңгеге жетті немесе 3 есеге артты. 2011 жылы өндірілген өнім көлемі 6 млрд 720 млн теңге болса, 2015 жыл қортындысымен 23 млрд теңгеге жеті немесе 4 есеге өсті. Биыл жаңадан ашылған 7 заңды тұлға және 81 жеке кәсіпкерлікте 128 жұмыс орыны ашылды. “Жұмыспен қамту орталығының” жолдамасымен аудан бойынша 2016 жылдың 01 сәуіріне бизнес саласында 80 адам жұмысқа орыналасты. Жуырда аудан әкімі Б. Парманов аудан кәсіпкерлерімен өткен қабылдауында кәсіпкерлік саласындағы жетістіктерді саралады. Аудан әкімінің жеке қабылдауына келген кәсіпкерлер өз мәселелерін ортаға салды. Оның бірі, Ленгер қаласының тұрғыны жеке кәсіпкер Абдухманов Роман құс өсіру үшін жер телімін алуға қызығушылық танытса, Кемеқалған ауылдық округінің жеке кәсіпкері Өсербаев Жандос салынған дүкен құжаттарын рәсімдеу тәртібін сұрады. Қолынан іс келетін азаматтар мемлекеттің көмегіне қарап отырмай, тіршілігін жасауда. Аудан әкімі Б.Парманов кәсіпкерлердің мәселесін шешу бойынша аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаевқа және тиісті бөлім басшыларына заң талабына сәйкес көмек көрсетуді тапсырды.