
Бүгінгі жастарды бұрынғылармен салыстыру тіптен мүмкін емес. Бүгінгі жастар сауатты, оқыған, білімді. Көп тіл біледі. Әлемдік білім, ғылым салаларынан мол мағлұматтары бар. Әрі белсенді де. «Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалысы Елбасы Н. Назарбаевтың ұсынысымен 2013 жылы құрылғаны белгілі. Сол уақыттан бері аталған бірлестік мүшелері түрлі іс-шараларға мұрындық болып жүр. Еліміздің үздік отыздыққа кіру миссиясын ұстанған белсенді жастар 3 жылдан бері қоғамның түрлі салаларындағы кемшіліктермен күресіп, анттарына адалдық танытып келеді. Жуырда аталған белсенді жастар Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында кең көлемде форум өткізді. Форумның биылғы тақырыбы «MOVE UP- 2050», яғни «Биікке өрлеу»! Мемлекеттің тек қана биіктен көрінуі үшін жастар барынша үлес қосуға барын салып келеді. Форумға арнайы шақырылған саясаткердер сөз алып түрлі тақырыптарды жан-жақты саралап, толымды пікірлерін ортаға салды. Жалпы жиыннан соң, форумға қатысушылармен қоғам белсенділері «Ашық студия» өткізді. Жиынды «Ура, ура»-мен бітіріп тастамай әркім өзіне қажетті сессияға барып, көкейіндегі сауалдарға жауап алды. Өзіндік пікірлерін ашық айтып, пікірлерін түйіндеді. Еліміздің еңсесі тік, халқы құт болуы үшін – елге еңбек ету керек. Кездесу қорытындысы бойынша, тың ұсыныстар талқыланып, қаулы мемлекеттік органдарға жіберілетен болады. «100 қадамның бәрі елдің мүддесіне бағытталған, әсіресе жастар саясатына басты басымдық берілген. Біздің әрқайсымыз бұл қадамдарды өз мамандығымыз аясында, қоғамдық өмірде бүкіл елмен бірге жасауымыз керек. Идеяның жаһандылығы, ойдың ауқымдылығы және реформаларды жүзеге асыру жолының тиянақтылығы – бұл Қазақстан тарихының жаңа парағы екенін білдіреді», – дейді белсенді жастар.