Бүгінде құрылыс саласының қарқынды жүргізілуіне байланысты осы салаға қажетті материал шығаратын кез-келген кәсіпкердің, ірі кәсіпорындардың ісі тұралап қалған емес. Осы салада кәсібін дөңгелетіп отырған «Пена Изолан» ЖШС-і бүгінде үйдің жылуын бірқалыпты сақтап тұру үшін қабырғаларды қаптайтын құрылыс материалын шығарады. Әдетте шлакоблоктан тұрғызылған үйлерді қыста суық болады деп жатады ғой, сондай үйлерді көбікпен бүркесе температура бірқалыпты сақталады. Оған қоса 1 см пенополиуритан 60 см жылу өткізгіш кірпішті алмастыра алады. Бүгінде компанияның өніміне сұраныс артып отыр. Полиуританды қабырғаға, төбеге,ауа үрлегішке қолдануға болады. Бұл материалды қолдану арқылы жылу мен желдеткіш жүйесіне көп қаржы жұмсамауға да болады. Тұрғын үйлердің «термосы» десе де болады. Жазда салқын, қыста жылылықты сақтайды, бір температурада ұстап тұрады. Компания осы уақытқа дейін бірнеше байқауларға қатысып үздік тауар өндіруші номинациясын жеңіп алды. Әрине сапасының жоғары болуынан. «Қазақстанның үздік тауары» байқауында компания өкілдері бірнеше кәсіпкермен келісімге келді. Өз өнімін таныстырып, әрі тұтынушы тапты. Мұндай көрмелердің кәсіпкерге берері көп. Бағасы да қымбат емес. Импорт өнімнен әлдеқайда арзан.