
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы мыңдаған кәсіпкерге қаржылай көмек көрсетіп келеді. Кәсібін жаңадан бастағандарға ғана емес, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан деңгейін кеңейтем дегендерге де қолдау көрсетуде. Кәсіпкерлікті дамыту қорымен пайыздық мөлшерлемесі субсидияланатын несиелер де беріледі. Бүгінгі таңға облыс кәсіпкерлеріне биылғы жылы 7 000-нан астам қызмет түрі көрсетілген. Несие бойынша ішінара кепілдік тағайындауда 70 келісімшарт құрылып, қала териториясынан тыс орналасқан 32 бизнес-жоба қолдауға ие болған. Мәселен облыс орталығындағы жалғыз әйнек кесу, өңдеу және декорациялау кәсіпорынының бүгінде тұтынушылары көп. Көптеген компаниялар ғимараттың ішін, сыртын әйнекпен көмкергенді құп көреді. Әсем болуы үшін. Сондықтан да Мураджан Мурзаевтың компаниясына жүгінеді. «Даму» қорының көмек көрсетуінің арқасында 11 пайызбен несие алып кәсібін дөңгелетіп отыр. Аталған несиенің 4 пайызын мемлекет өтеп береді. Мұндай көмек түрін алып, кәсібін өрлетіп отырған кәсіпкерлер көп. Мемлекеттік бағдарламаның шарапаты тиіп отыр осылайша.