Еліміздегі сүт секторындағы жетекші кәсіпорын саналатын– «ФудМастер-Шымкент» компаниясының бір зауыты Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төлеби ауданы Көксәйек ауылында орналасқан. Сапасы жоғары танымал компанияның өнімін тұтынатындар қатары мол. Бүгінде «ФудМастер» өнімі барлық халықаралық сапа нормаларына жауап береді. Зауытта тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өнімдері шығарылады. Мұнда осы жылдың соңғы 3 айының өзінде 3,8 мың тонна сүт өңделіп, 994,8 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Бюджет бүйірін толтырғаннан бөлек жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. Мұнда 120-дан астам азамат жұмыс істейді. «ФудМастер-Шымкент» зауыты өңірдің экономикасының дамуына мол үлес қосып отыр. Әрі облыс бойынша ең көп салық төлейтін компания болып саналады. Соңғы бес жыл ішінде 600 млн. теңдеген астам салық төлеген. Тек өнім өндіріп қана қоймай ауыл ауылдардағы шағын шаруар қожалықтарының да ісін ілгерілетуіне көмек қолын созып отыр. Аудандағы 16 шаруа қожалығынан бөлек облыстың әр қиырынан сүт жинаумен айналысатын 30 жеткізушімен жұмыс істейді. Шөбі шүйгін ауданның сүті де майлы әрі дәмді. Компанияның сүті, айраны, қаймағы, ірімшігі бүгінде дүкен сөрелерінде сарғайып ұзақ жатпайды. Тез өтіп кетеді.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498