Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында белсенді жастар түрлі іс шараларға ұйытқы болып жүр. Жуырда «Нұр Отан» партиясының облыстық «Жас Отан» жастар қанаты тұл жетімдерге қамқорлық танытып, жұмысқа орналасуына септігін тигізді. Белсенді жастар «Infomob» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімге келді. Қамкөңіл жастарға демеу боларлықтай аталған келісім бойынша жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітірген, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар осы компанияға жұмысқа қабылданады. Олар 3 айға дейін тәжірибеден өтіп, білікті мамандардан дәріс алып, өз ісінің маманы болып шығады. «Сәтті қадам» деп аталатын партиялық жобаның нәтижесі зор болмақ. Осы жоба аясында қаншама жас нәпақасын тауып, тұрақты жұмыспен қамтылмақ. «Infomob» серіктестігі еліміздегі компанияларғ өндіріс орындары туралы анықтамалықты ұсынады, сондай-ақ мобильді бағдарламаны жүзеге асырады. Жастардың бұл бастамасын қуана қолдаған компанияның директоры Нұрсұлтан Оспанов өзі қанатының астына алған жастардың бесаспап маман болып шығатынына бек сенімді.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498