
Биыл бүкіл еліміз үшін шежірелі жыл болмақ. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Созақ шайқасына – 175 жыл толуына орай Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданында арнайы ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру үшін осындай шараларды көбірек ұйымдастыру қолға алынуда. «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты атаумен өткен жиында өскелең ұрпақ ата-бабаларының өткен тарихына қанықты. Отырар қорық мұражайы мен Сұлтанбек Қожанов атындағы музейі көрме ұйымдастырды. Оқушыларға тарихи жәдігерлерді көзбен көрсетіп, аса құнды, әрі маңызды тарихи оқиғаларды жете түсіндірілді. Семинар барысында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық мұражайынан келген ғылыми қызметкерлер киелі Отырар қаласы, Созақ қалажұртында жүргізілген қазба жұмыстары, Кенесары дәуірі мен Созақ елі туралы зерттеген жұмыстарын жіті таныстырды. Оқушылар көрмені тамашалап, тарихи құнды жәдігерлердің тарихына қанықты. «Тәуелсіздік кеше, бүгін» тақырыбы бойынша бейнеролик көрсетілді.