
Облыс әкімінің Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу бойынша бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, жастарды азаматтық тұрғыда белсенділікке шақыру, қазақстандық патриотизмді нығайту, патриоттық әуендер арқылы отансүйгіштік қасиетке баулу және ұлттық құндылықтарды сақтауға шақыру мақсатында 14 қараша күні «Тәуелсіздік» саябағында №1 орта мектеп оқушыларының қатысуымен «I LOVE KAZAKHSTAN” атты жастар флешмобы ұйымдастырылды. Жастар аталған шараға аса белсенділікпен қатысты. Ел мерейін асқақтату өз қолдарында екенін терең сезінетін жастар аталған шараны қызу қолдады.