
Бұл жайында Кентау қаласы әкімдігінде өткен баспасөз конференциясында қала әкімінің орынбасары Б.Қнатов пен Кентау қалалық кіріс басқармасының басшысы С.Жасұзақов БАҚ өкілдеріне толыққанды мағлұмат берді.
Мүлікті жария ету рәсімі 2016 жылдың соңына дейін ұзартылды. Қазақстанда 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап жария ету рәсімі жүргізіліп келеді, аталмыш рәсім көлеңкелі экономика көлемін қысқартуға бағытталған. Елбасы 2015 жылғы 13 қарашада мүлікті жария ету мәселесі жөніндегі заңға қол қойған болатын. Дегенмен заң аясын әліде жетік түсінбей жүрген азаматтар бар. Мүлікті жария ету азаматтар үшін де, ел үшін де тиімді екенін атап өтті қала әкімінің орынбасары Б.Қнатов. Конференцияда журналистер тарапынан сауалдар қойылып, тұщымды жауаптар берілді. Сонымен қатар мүлікті жария ету бойынша заң аясын толыққанды насихаттауда БАҚ саласының да ролі зор екені анық. Сонымен қатар, мүлікті жария етумен байланысты барлық мәліметтер салықтық және банк құпиясы болып табылады. Жария ету туралы мәліметтерді үшінші тұлғаға таратуға ешкімнің, оның ішінде жария ету жөніндегі комиссия қызметкерлерінің, мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің, екінші деңгейдегі банк қызметкерлерінің, «Қазпошта» бөлімшелері қызметкерлерінің құқысы жоқ. Мұндай ақпараттарды таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік тағайындалады. Сонымен қатар, жария ету субъектілері құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік органдар тарапынан орын алатын заңсыз іс-әрекеттерден қорғалған. Ұлт жоспарындағы 41 –ші қадамда мүлікті жария ету жөнінде кеңінен мағлұмат берілген. Мемлекет тарапынан қолға алынған шараға азаматтар бір кісідей атсалысуда.