
Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу бойынша қыркүйек-желтоқсан айларына арналған іс-шара жоспарына сәйкес Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі, Созақ ауданындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және Жастар ресурстық орталығының мамандарымен бірлесе отырып «Жастар индустрияға» тақырыбында аудан жастарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында аудандағы құрылған инустриялды аймақтың мақсаты мен жүргізіп жатқан жұмыстар жайында, индустриялды аймаққа енгізілген жобаларға ұсынылатын мемлекеттің жеңілдіктері, индустриялды аймаққа жобалардың енгізілу тәртібімен және Индустрияландыру картасы аясында көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар жайлы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Тәжі Ғани Әшімханұлы толық түсіндіріп өтті. онымен қатар ауданда Индустрияландыру картасы аясында және индустриялды аймақтағы жүзеге асырылған, жүзеге асырылып жатқан жобалар жайлы қысқаша айтылып өтті. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету мекемесі директорының міндетін атқарушы Асылбек Айдарбеков орталықтың қызметі мен кәсіпкерлерге көрсетілетін қызмет жайында хабарлама жасады. Сонымен қатар Дөңгелек үстел қатысушылармен пікір алмасу түрінде өтті. Дөңгелек үстелден кейін қатысушылар ауданымыздың индустриалды аймағындағы жүзеге асырылған жобаларының жұмыстарымен танысты.