Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Созақ аудандық балалар кітапханасында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіз елдің көшбасшысы» атты мерекелік кеш өтті. Кештің мақсаты: қазақ халқының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу, шәкірт жүрегінде Елбасына деген құрмет сезімін ояту. Кеште балалар кітапханасының тұрақты оқырмандары патриоттық әндер айтып, Елбасыға арналған өлеңдерді жатқа оқыды. Кеш соңында іс-шараға белсене қатысқан оқырмандар Алғыс хатпен марапатталды.