Жуырда ОҚО-на қарасты Созақ ауданының әкімі М. Исаев индустриялды аймаққа инвеститция тарту мақсатында, кәсіпкерлермен кездесіп, осы саладағы түйткілді мәселелерді талқылады. Бүгінде ауданның Индустриялды аймағында бүгінгі күнге дейін жалпы құны 6,4 млрд. теңге құрайтын және 179 жұмыс орнының ашылуымен 5 жоба жүзеге асырылу жоспарланған. Қазіргі таңда жалпы құны 866,8 млн. теңгені құрайтын және 69 жұмыс орнының ашылуымен 4 жоба жүзегеасырылды. Жалпы, бүгінгі таңға аудан экономикасының дамуындағы шағын және орта бизнестің үлесі салмағы жыл сайын артып келеді. Қазіргі таңда индустриялды аймақта «UKO-S Star» металл құрастыру зауыты», «Благо Лизинг НПЗ» ЖШС-і, «Дархан-АС» ӨК-нің, «Сырлы Созақ» ЖШС-і зауыттары белсенді жұмыс істеп келеді. Жиын барысында атқарылған тірліктермен қатар, кәсіпкерлікті оңтайландыру жолдары, жоспарлар, ұсыныс-тілектер тыңдалды. Аудан басшысы жеке жұмыс бастаймын деуші әр азаматтың тілегі қараусыз қалмайтынын атап өтті.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498