Жуырда ОҚО-на қарасты Созақ ауданындағы Жуантөбе ауылы 70 жылдық мерей тойын атап өтті. Жуантөбе ауыл округін атқарылған жұмыстар ауқымды. Ауыл әкімі Анас Жайлаубай 9 айды қортындылап журналистерге берген брифингте хабарлады. Ауыл шаруашылық, білім саласы әлеуметтік салалар ілгері басқан. Ұсақ мал басы 101 пайызға, түйе 102 пайызға, мүйізді ірі қара малы 102 пайызға артықан. Тұрғындар 12,3 млн теңге көлемінде несие алып 120 бас мүйізді ірі қара мал басын асылдандырды. Биылғы жылы «Балапан» бағдарламасы аясында жеке меншік 50 орындық балабақша жұмысын бастағалы отыр. Ауылдың 15 азаматы жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Ауылды таза ұстау мақсатында 17 рет сенбілік ұйымдастырылып, 800 дана тал көшеттері егілді. 70 жылдық мерекеге орай, орталық мәдени сауықтыру алаңы демеушілер есебінен бой көтерді. Ұлы отан соғысының ардагерлеріне сондай-ақ, «Алтын», «Күміс» алқа иегерлеріне 2 млн 397 мың теңгенің көмегі көрсетілген.